Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда Астана күні мерекесі аталып өтті

Сырдарияда Астана күні мерекесі аталып өтті

Сырдария ауданында «6 шілде – Астана күні» мерекесіне орай іс-шара өтті. Шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Б.Сәрменбаев құттықтау сөз сөйлеп, айбынды Астананың 25 жылдығы еліміз үшін қуанышты мейрам екенін атап өтті.

– Биыл бұл мерекенің мәні де, маңызы да бұрынғыдан ерекше. Өйткені елдігіміздің еңселі ескерткішіне айналған Астанамыздың негізі қаланғанына биыл 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырды еңсерген жас Астана бұдан кейінде Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісіне айнала беретініне сеніміміз мол.
Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсын!- деді аудан әкімі.

Шара барысында қазіргі таңда жемісті жұмыс жасап жүрген бірқатар мамандар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік іс-шарада патриоттық әндер айтылды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кешті әсем әнге бөлеп, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

06 шілде 2023 ж. 211 0