Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көші –қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Көші –қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталған мән-жайларға сәйкес, азамат Е. Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзып, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындаған, оның әрекеті іс құжаттарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығару түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.


Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Сырдария аудандық соты
28 қазан 2026 ж. 60 0