СЫРДАРИЯДА ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Бірлік пен берекенің түпқазығы саналатын Сырдария ауданында түрлі этнос өкілдерінің мерекелік концерті өтті.
Концертке аудан әкімдігіне қарасты мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ауданымыздағы бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға аудан басшысының атынан алғыс білдірді.
Іс-шарада түрлі этнос өкілдері ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында бірқатар азаматар аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Айта кету керек, 2015 жылы Тереңөзек кентінен «Достық үйі» ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде «Достық үйі» аудан көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп отырған орталық қана емес, жүзі басқа жүрегі бір, түрі басқа тілегі бір сан ұлттардың өкілдері бас қосатын, ортақ мерекелік даталарға орай рухани-мәдени іс-шаралар өткізетін құтты мекенге айналды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.