Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті
Бүгін Отан қорғаушылар мерекесіне орай аудан орталығындағы "Құрметті азаматтар" аллеясында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, Чернобыль апатының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды.
Аудан әкімі Ғ.Қазантаев жиналғандарды "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" және Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтап, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Әскерге шақырылған жас сарбаздардың ата-аналарының атынан, "Алтын алқа" иесі Айтгүл Қалмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Р.Бәйменов бата берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.