Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарламадан туындаған міндеттерді орындау мақсатында Сырдария ауданы әкімдігі жанынан терроризмге қарсы комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Комиссияның негізгі мақсаты – өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, тероризмді болдырмау мен алдын алу және халықтың діни сауаттылығын нығайту бағытында жұмыс жүргізу болып табылады. Жұмыс бағытына байланысты тиісті мүшелерден құралған комиссия қазіргі таңда әр тоқсан сайын кездесулер өткізіп, терроризмді болдырмау мен алдын алу бағытындағы жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы аудан әкімдігінде 3 рет комиссия отырысы өткізілді. Жыл соңына дейін тағы бір рет комиссия отырысы өтеді деп жоспарлануда.
«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» байланысты ауданымыздағы осал нысан басшыларының қатысуымен бірнеше рет дөңгелек үстел өткізілді. Бағдарлама аясында аудандық ақпараттық түсіндіру тобы мен қоғамдық кеңес мүшелері Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Іңкәрдария ауылдарының тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың идеологияларының алдын алу, діни орталарда дұрыс діни сананы қалыптастыру мен рухани құндылықтарды түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Бүгінде Сырдария ауданында діни ахуал тұрақты. Аудан тұрғындарының діни сауатын арттыру, дінаралық татулықты, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатты насихаттау, жалпы дін туралы түсінік қалыптастыру жұмыстары облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығымен, аудандық мешіт имамдарымен бірлесе атқарылуда. Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан такси тұрақтары мен сауда орындарында, теміржол вокзалына жадынамалар ілініп, діни экстремизм мен терроризм іс-қимылдарын алдын алу, тұрғындарға өзге ағым өкілдері жайлы және олардан сақтану жолдары жөнінде «Тұрғындарды ақпараттандыру» акциясы өткізілді.
Аудан тұрғындары арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Топтың құрамында мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері және ауданның бас имамы, қоғам көшбасшылары мен белсенді жастар бар. Сырдария ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» әлеуметтік жоба аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, аудандық «Мұсылмандар» мешітінде елді мекендердегі діни қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында 5 күндік оқыту семинары өткізілді.
Б.ӨТЕГЕНОВА,
аудан әкімінің орынбасары
09 желтоқсан 2017 ж. 1 597 0