Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтің төрағалығымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы комиссияның жұмысын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті.

Семинарға кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық ақпараттық түсіндіру топ мүшелері, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Семинарда аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Н.Омаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова аудандық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын жетілдіру және оны ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарлама жасады.

Сонымен қатар аудан әкімімен бекітілген кент және ауылдық округ әкімдеріне арналған арнайы алгоритмі, аудан аумағындағы профилактика жұмыстарының жоспарлары, аудан бойынша діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша 2020 жылға әлеуметтік жобаның жоспары қаралып, талқыланды.
"ТТ ақпарат"
25 қараша 2019 ж. 845 0