Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

25 қыркүйекте түнде Ақтау қаласында да найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

25 қыркүйекте Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні облыстың батысында 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Өңірде және облыс орталығында өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

25 қыркүйекте күндіз Орал қаласында да найзағай күтіледі.

25 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында өрт қаупі, 25-26 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

25 қыркүйекте күндіз Ақтөбе қаласында да оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

25 қыркүйекте түнде Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

25 қыркүйекте Атырау қаласында да солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар 25 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

25 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Одан бөлек өңірде жоғары өрт қаупті сақталады.
25 қыркүйек 2022 ж. 450 0