Ауа-райы болжамы: дабылды ескерту жарияланды
Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.
17 қыркүйекте күндіз Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.
17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
17 қыркүйекте түнде Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.
17 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с күшейеді.
17 қыркүйекте түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
17 қыркүйекте күндіз Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде – 25 м/с.
17 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
17 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с.
17 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.