Еліміздің 10 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Оралда жаяу бұрқасын соғады. Түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 18 м/с болады.
14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
Маңғыстау облысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы облыстың батысында 17-22 м/с, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтауда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жел соғады, облыстың батысында және орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, 14 қаңтарда түнде Түркістан қаласында тұман түседі.
14 қаңтарда түнде Шымкентте тұман түседі.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада 14 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Қарағандыда 14 қаңтарда жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Петропавлда 15 қаңтарда күндіз бұрқасын соғады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
«Азаматтарды күн райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Күн райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыста жолға шығар алдында мұқият күн райы болжамын зерделеңіз. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады. «112» қызметінен ресми ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет»,-делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.