Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-батыс бағыттан күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 13 мамырда Оралда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды.

Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында 23 м/с, Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді.


13 мамыр 2022 ж. 302 0