Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Синоптиктер 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Солтүстік-батыс циклонның әсерінен жаңбыр жауады, елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстік-шығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз батысында, солтүстік-шығысында жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде түнде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай облысында солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстігінде, облыстың оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ болады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, батыста, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде оңтүстікте, шығыста және таулы, тау бөктерінде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының тауларында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.