ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Жақында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен облыстық ХХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.
Дәстүрге айналған балалардың өнер байқауына бүлдіршін топ, 9-10 жас, 11-13 жас, 14-18 жас ерекшеліктері бойынша Қызылорда қаласы мен аудандардан жалпы саны 33 би ұжымдары қатысып, бақ сынасты. Осындай айтулы жарыста аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Балауса» халықтық би ансамбілінің бірінші топ өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Мың бұралған бишілер қазақ біиі «Нәзік» және «Грузин» биін сахналады. Нәтижесінде ансамбль жетекшісі Ақмарал Пернебайқызы бастаған құрамында Нұрлытаң Тобжанова, Жансая Тасқалиева, Инабат Көшербай, Лашын Бақишова, Көркем Райымбек, Бағжан Ғабитқызы, Көркем Мұхаметжан, Сабина Алмасова, Азиза Алмасова, Айзере Бақытбекқызы, Толғанай Сексенбаева, Үміт Қойшыбаева, Ақерке Қалдыбаева, Аружан Еркінқызы, Ақжібек Ерназар және Наз Әбсадықова бар өнерпаздар облыста үздік нәтиже көрсетіп, Алматы қаласында өтетін Халықаралық балалар байқауына жолдаманы жеңіп алды. Біз жерлестеімізге алдағы байқауда сәттілік, толағай табыстар тілейміз.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ