Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » СЫРДАРИЯЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ


Қазіргі заман талабына сай шығармашылықты дамыту мәселесі мәдениет қызметкерлерінің бірден бір міндеті саналады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында Қызылорда облысының мәдениет, архив- тер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде алғаш рет облыстық «Үздік әдістемелік бұрыш» байқау – көрмесі өткізілді. Байқауға облыс аудандары бойынша Арал аудандық мәдениет үйі, Қазалы ауданының Басықара ауылдық клубы, Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылдық клубы, Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылдық клубы, Жалағаш ауданының Бұқарбай ауылдық мәдениет үйі, Сырдария аудандық мәдениет үйі, Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылдық клубы, Жаңақорған ауданының Арман кенттік мәдениет үйі қатысты.
Байқау негізінен 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде әр клуб кәсіпорны тұрғылықты жерінің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік бөлмеде әдістемелік бұрышты жаңаша үлгіде дайындап, көрмеге ұсынды. Екінші кезеңде І-кезең бойынша әдістемелік бөлмелерді дикторлық мәтін арқылы таныстырып, насихаттау мақсатында арнайы бейнеролик дайындап көрсетті. Соңғы кезеңде мәдени-шаралардың іс-құжаттарынан (сценарийлер және ережелер жинағы, концерттік бағдарламалар мен буклеттер, фотожинақтар, шақырулар т.б) көрме жұмысымен таныстырды. Байқау барысында білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы жұмыс жасады. Қазылар алқасының құрамында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы басшысының орынбасары Рая Ділімбетова, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының әдістемелік бөлімінің бас маманы Зина Кенжетаева, аудандық мәдениет және тілдерді да- мыту бөлімінің бас маманы Ердаулет Утебаевтар болды.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинеті, І орынды Басықара ауылдық клубы (Қазалы ауданы), ІІ орынды Арман кенттік мәдениет үйі ( Жаңақоған ауданы), ІІІ орындарды Арал аудандық мәдениет үйі, (Арал ауданы) Бұқарбай ауылдық мәдениет үйі (Жалағаш ауданы) иеленді. Байқау жеңімпаздарына арнайы «Дипломдар» мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Басқа да қатысушыларға «Алғыс хаттар» берілді.
Облыстық байқау көремесінің екінші бөлімінде мәдениет саласының мамандарына арналған шеберлік дәрістер өткізілді. Арал аудандық мәдениет орталығының үйірме жетекшісі Асқар Жоламанов «Домбыраны бірден шертіп үйрену» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізіп, үш жарым жыл көлемінде құрастырылған оқулықты таныстырды. Сонымен қатар, шәкірттерімен күй тарту, терме орындау шеберлік сыныптарын көрсетті. Бұдан бөлек кент мәдениет үйінің әдіскері Эльмира Тілеубергенова «Заманауи мәдени шараларды ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағын ұсынды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 желтоқсан 2017 ж. 1 467 0