Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ АЗЫҚ СЫЙЛАҒАН ҰЖЫМ

РУХАНИ АЗЫҚ СЫЙЛАҒАН ҰЖЫМ


Жақында Жаңақорған ауданы әкімінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдердің дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жаңаша» әзіл-ысқақ отауының 30 жылдық мерейтойына орай, мәдениет майталманы Қазбек Башаровты еске алуға арналған «Қазбектің қалжыңдары» атты әзіл-сықақ отауларының облыстық фестивалі өткен болатын. Аталмыш байқауға ауданымыздан мәдениет үй жанындағы «Оңаша» әзіл-сықақ отауы қатысып, 11 команда ішінен жүлделі І орынды иеленді.
Байқаудың мақсаты облыс мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне мол үлес қосқан өнер майталманы Қазбек Башаровтың өнер сахнасындағы өнегелі үлгісін жас өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Өнер иесінің жүріп өткен жолын көпшілікке таныстырып, есімін ұлықтау, ел ішінде әзіл-сықақ отауларының орындаушылық шеберлігін арттыру, оқырман қауымның көңілінен орын алған танымал және жергілікті сықақшылардың шығармаларын халыққа кеңінен жан-жақты көрсету екені мәлім.
Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Оңаша» әзіл-сықақ отауына Мінәш Ысқақ жетекшілік етеді. І кезең бойынша өнер ұжымы «Завклуб» атты қойылымын сахналаса, ІІ кезең бойынша Әділ Ерғали «Мистр Пропер» монологын оқыды. Сонымен қатар аталған ұжым арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. «Оңаша» әзіл-сықақ отауы сапында Думан Көшекбаев, Ақбота Талғатова, Азиз Садықовтар болды. Аудан мерейін көтерген ұжым алдағы уақытта Шиелі ауданында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
27 наурыз 2018 ж. 1 430 0