Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ

ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ


Шіркейлі ауылының жұртшылығына өнерімен етене таныс «Ақ Дариға» халықтық әжелер ансамблі биылғы жылды толағай жетістікпен бастады. Жақында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру» атты Халықаралық өнер фестивалі өткізілген болатын. Аталмыш байқауға Шіркейлі ауылы мәдениет үйі жанындағы «Ақ Дариға» халықтық әжелер ансамблі қатысып, бас жүлде алды.
Рухани мәдениетімізді өркендету, болашақ ұрпақтың сана­ сына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқауда өнерпаздар дәстүрлі, классикалық , заманауи эстрада әндері , күй, терме, ұлттық аспаптар, көркемсөз, қолөнер, көркемсурет жанрлары бойынша өнер көрсетті. Жоғары дәрежеде өнер көрсеткен аудан мақтаныштары арнайы төсбелгімен марапатталды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
10 ақпан 2018 ж. 2 840 0