Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Шаған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Шаған ауылында мекемеаралық «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Өнерлі жандарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген байқауға ауылдағы бес мекеменің қызметкерлері талапкер ретінде қатысып, бақ сынады.
Байқау барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттер жөнінде мағлұматтар айтылды. Бағдарламалық мақаланың басым бағыттарының орындалу барысы сараланды. Мұнан кейін қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Талапкерлерге білікті мамандардан құралған қазылар алқасы баға берді. Қызықты өткен байқау қорытындысында «Әуез» мектебінің атынан сынға түскен Айдын Әбдібекова мен Индира Жағыппарова бас жүлдені иеленді. Жүлделі І-орын «Алтын сақа» балабақшасының қызметкерлері Мөлдір Бекарыстанова мен Гүлсім Сүлейменоваға бұйырды. Ал, №37 мектеп-лицейінің намысын қорғаған Гүлшат Боранбаева мен Самалға Бөжекова ІІ-орынды жеңіп алды. ІІІ-орынды «НұрайСая» балабақшасының қызметкерлері Гүлзира Мұхаммеджанова мен Айна Әбеноваға және «Балбөбек» бөбекжайының қызметкерлері Рима Құлмаханова мен Арай Бисенова еншіледі. Байқауға қатысқан жұлдызды жұптарды ауыл әкімі Ғ.Ошақбаев, ауылдық мәдениет үйінің басшысы Е.Медет, танымал әнші А.Садықов арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлде иеленген «Әуез» мектебінің жұлдызды жұбы аудандық байқауда өнер көрсетуге жолдама алды.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
30 қараша 2017 ж. 1 859 0