Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы әкімінің құттықтауы

Сырдария ауданы әкімінің құттықтауы

Құрметті сырдариялықтар!
Баршаңызды Тәуелсіз елімізге, әр отбасыға қадам басқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткенді ой елегінен өткізіп, атқарылған жұмыс­тарды саралап, жаңа бағытқа бетбұрыс жасайтын ерекше мереке. Бұл күні адамдар бір-біріне игі тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдіреді.
Өткен 2021 жыл қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жыл­дығымен тұспа-тұс келді. Бұл жылда ел тұрғындары егемендік жылдарындағы жеткен жетістіктерді саралап, мерейтой аясында ауқымды іс-шаралар өткізілді. Сол арқылы арайлы Азаттықтың қазаққа ғажап құт екені насихатталып, ұлтымыз өз алдына айқын мақсаттар қойды. Даму белесіндегі 30 жылдықты еңсердік, ен­ді еліміздегі татулық пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақ­тау – ең басты міндетіміз.
Әр жылдың өзіндік өрнегі бар. Өткен жылы пандемия жағ­дайы орын алса да Сырдария ауданы үшін бірлік пен берекеге толы табысты жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-эко­номикалық дамуы жолында көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды, барлық маңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. Аудан халқының игілігі үшін атқарылатын ау­қымды жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Қадірлі жерлестер!
Жаңа жыл мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толы болғай! Тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін ең­бек­теніп жүрген барша аудан тұрғындарына бейбіт өмір, ты­ныштық, мол жақсылық тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
01 қаңтар 2022 ж. 322 0