Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметті сырдариялықтар!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2018 жыл Сырдария ауданы үшін ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды, табысты жыл болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бірлесе атқарған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде барлық негізгі салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілді. Ауданды дамыту бағытындағы ілкімді істер алдағы жылы да жалғасын табатын болады.
Биыл біз Астана қаласының 20 жылдығын, Қызылорда қаласының 200 жылдығын және Сырдария ауданының 90 жылдығын ұйымшылдықпен атап өттік. Ауданның айтулы мерейтойына алыс-жақын шетелдерден, еліміздің үлкен қалаларынан мәртебелі меймандар келіп, екі күнге созылған думанды іс-шара көпшілік қауымның көңілінен шықты. Сонымен бірге, жыл көлемінде бірқатар жаңа нысандар ашылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Осының барлығы сырдариялықтардың ақ ниетпен жасаған адал еңбегінің нәтижесі.
Біздің барлық бастамаларымызға ардагер ағаларымыз үнемі қолдау білдіріп келеді. Ағайынның арасында елдіктің сөзін айтып, мағыналы өмір сүрудің биік өнегесін көрсетіп жүрген ардагер ағаларымызға аудан тұрғындары атынан шексіз алғысымды білдіремін.
Ардақты ағайын!
2019 жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барлық аудан тұрғындарына бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін! Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!


Құрметпен, Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
30 желтоқсан 2018 ж. 747 0