Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты ағайын!
Құрметті сырдариялықтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 30 жыл­дық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні – еліміз үшін ең басты әрі ең ұлық мереке. Біздің бүгінгі жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің барлығы – арайлы азаттығымыздың арқасы.

Әр ұлт, әр халық үшін Тәуелсіздіктен артық қа­сиетті де қым­бат ештеңе жоқ. Осыдан 30 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Респуб­ликасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес, демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.

Отыз жылдық белесте Тәуелсіз еліміз әлеуметтік-экономика­лық дамудың жарқын жолдарынан өтіп, халқымыздың тұрмыс деңгейі артты. Ұлттық рух келбеті бұрын болып көрмеген биік дең­гейге көтерілді.

Елбасының сарабдал саясатын бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып, ел егемендігін мәң­гі ету жолында жарқын бастамаларды жүзеге асыруда.

Азаттық – тұтас бір елдің, бүтін бір халықтың тағдырын ай­шық­тап тұрған қастерлі де қасиетті ұғым. Тәуелсіздік – біз үшін басымызға қонған бақыт және ата-бабамыздың сан ғасыр күткен асыл арманы. Осы бақытымызды баянды ету үшін Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, елдік мүдде жолында еселі еңбек ету әр қазақстандықтың абыройлы міндеті болуы тиіс.

Қадірлі жерлестер!

Ауданның әрбір азаматы – бүгінгі ел өміріндегі осындай баға­сы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай ең­бек етуде. Өйткені, күш-қайратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қасиетті Сырдария ауданы әрқашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрінері сөзсіз. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәт­тілік тілеймін!

Сіздерді ұлық мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, отбасы­ла­рыңызға амандық, шаңы­рақтарыңызға шаттық, бақ-береке ті­леймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!

Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
16 желтоқсан 2021 ж. 309 0