Жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану керек
Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы жайылымдық жерлерді қайтару туралы баяндама жасады.
Аудан бойынша 2021 жылдың жылдық жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі - 421 319 гектарды құраса, оның ішінде көлемі - 265 504 гектар жайылымдық жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табысталған .
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 81 бабының талаптарына сәйкес өз өтініштерімен жалпы көлемі - 550 гектарды құрайтын 11 жайылымдық жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды .
Кент және ауылдық округтер бойынша 1163 учаскесі жалпы көлемі 163 191 гектар жайылымдық жер учаскелеріне мал басын тіркемей, пайдаланбай отырғандығы анықталды.
Мемлекеттік инспектор тарапынан игерусіз жатқан жер учаскелерінің меншік иелеріне арнайы нұсқама берілгеннен кейін, салық органдарына пайдаланбай отырған жайылымдық жер учаскелеріне заңға сәйкес салық есебін 5 немесе 10 есеге көтеру жөнінде ұсыныс енгізілетін жеткізді.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселеге қатысты кент және ауыл әкімдерінің атқарып отырған жұмыстары сын көтермейтінін, алдағы уақытта осы мәселені қайта қарайтынын ескертті.
Сонымен қатар аталған мәселені орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына, кент, ауылдық округ әкімдеріне жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі