Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мал жайылымдық жер учаскелерінің мақсатты пайдаланылуы мен игерілуі бақылануда

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мал жайылымдық жер учаскелерінің мақсатты пайдаланылуы мен игерілуі бақылануда

Сырдария аудандық прокуратурасының 21.01.2021 жылғы бастамасымен аудан әкімдігі жанынан Сырдария ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жөнінде арнайы жұмысшы топ құрылып, заңға сәйкес тиісті шараларды қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.

Жұмысшы тобының құрамына кент және ауылдық округі әкімдері, аудан әкімі аппаратынан мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінен, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы саласы, аудандық полиция бөлімі, ветеринария саласы, салық органдарының қызметкерлері енді.

Сырдария ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қарашасындағы жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 419 474 гектар, оның ішінде көлемі - 264 360 гектарды құрайтын жайылымдық жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, акционерлік қоғамы және басқа да мемлекеттік емес мекемелерге табысталған.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының басты қағидаттарының бірі жайылымдарды ұтымды пайдалану мен жеке және заңды тұлғалар үшін олардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылады.

2020 жылы «Ветеринариялық станса» МКК-нан мал басы тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы мәліметтер сұратылып, нәтижесінде 180 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылмай отырғандығы анықталып, нәтижесінде жалпы көлемі – 2361 гектарды құрайтын 9 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін 10 еседен асырмай арттыруға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес:

1. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайлары;

1) жайылымдарда – екі жыл бойы жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы ҚР Жер кодексінің 93-бабының негізінде жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ҚР заңнамасын бұза отырып пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
03 ақпан 2021 ж. 670 0