Жайылымды пайдалану мәселесі қаралды
Карантин талаптарына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс 53-сессиясы бейнеконференциялық байланыс арқылы ұйымдастырылды. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, кент және ауыл әкімдері, тиісті бөлім басшылары, аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты. Аудандық мәслихат депутаттары жиналысқа скайп желісі арқылы қосылды.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын бекіту мәселесі депутаттар талқысынан өтті. Аталған мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар пікір білдірді. Ол жайылымдық жерлердің ауыл тұрғындары үшін маңызды екенін айта келе, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сессия қорытындысында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабы негізінде аудандық мәслихат шешім қабылдады. Шешім жобасын халық қалаулылары бірауыздан қолдады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ