Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайылымдық жерлерді пайдаланудың өз ережесі бар

Жайылымдық жерлерді пайдаланудың өз ережесі бар

Аудан әкімдігінде Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер участкелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару мәселелері жөніндегі жұмыс­шы топтың отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі Талғат Дүйсебаев төрағалық етіп, оған аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеров, тиісті бөлім басшылары мен кент және ауыл әкімдері қатысты.

Жұмысшы топ отырысының күн тәр­тібінде 4 мәселе қаралды. Атап айт­қанда, «Тізімде көрсетілген тұлға­ларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу көрсеткіші», «Түсіндірме жұмыс­тары­ның нәтижесінде мал санын тір­кеген тұлғалардың санын, тиісті құжатта­рымен бірге ұсыну», «Түсіндірме жұ­мыс­тарын жүргізу арқылы өзге де анықталған мән-жайлар» және «Кері қайтару жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған жер саны, әрі қарай жер қатынастар бөліміне ұсыну жағдайы» бойынша атқарылған жұмыстар тал­қыланды. Мәжілісте аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы аудан көлеміндегі жайылымдық жерлерді мақсатты пайдалану керектігіне назар аударды. Ал жайылымдық жерлерді алып, оны өз мақсатына сай пайдаланбаған тұл­ғалар жерді мемлекетке кері қайтаруы тиіс. Аудан прокуроры бүгінгі таңда тиісті бөлімдермен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқан­дығын айтты.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәсе­лелер бойынша аудандық жер қаты­нас­тары бөлімі және кент, ауыл әкім­дерінің атқарған жұмыстары жеке-жеке тыңдалды. Осыған байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров хабарлама жасады. Баяндамашы ауданда нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай отырған жерлер жөнінде ақпараттарды жария етті.

– 2020 жылы «Ветеринариялық стан­са» мемлекеттік коммуналдық кәсіпор­нынан мал басы тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы мәліметтер сұ­ра­тылды. Нәтижесінде, барлығы 428 жер учаскелерінің ішінен жалпы көлемі 25340,12 гектарды құрайтын меншік иелерінің атында мал басы тіркелмеген барлығы 180 ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы, оның ішінде мал жайылымы үшін табысталған жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай отырғандығы анықталған болатын. Бұл – аудан бойынша табысталған жайылымдық жердің 6 пайызы. Анық­талған жер учаскелері бойынша аудан­дық кірістер басқармасына «Салық ко­дексінің» талаптарына сәйкес, салық мөл­шерлемесін 5 есеге көтеру туралы бөлім тарапынан тиісті ұсыныс хат жолданды. Одан бөлек, аудан әкімінің тө­рағалығымен 2020 жылдың 5 қыркүйек күні өткен аппарат мәжілісінде аталған мәселе бойынша кент және ауылдық округі әкімдеріне өз құзіреттері шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге ба­қы­лауды күшейтіп, талдау жасай отырып, пайдаланылмаған (игерілмеген) жерлерді мемлекетке қайтаруды қам­тамасыз ету туралы арнайы тапсырма берілді, – деді бөлім басшысы.

Өткен жылы жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде жалпы көлемі 2361,0 гектарды құрайтын 9 жер учас­кесінің меншік иелері өз еркімен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қай­тарған. Ал биылғы жылы осы жұ­мыс­тарды жалғастыру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда түсіндірме жұмыстары барысында 13 жер учаскесінің меншік иесі бірдейлендіру базасына мал басы санын тіркетіп, жа­йылымдық жерлерін игеруге кіріскен. Ал Айдарлы ауылдық округі бойынша жалпы көлемі 30 гектар болатын жайылымдық жер учаскесінің меншік иесі өз еркімен мемлекет меншігіне қай­таруға өтініш түсірген.

Жиында аудан әкімі кәсіпкерлік субъ­ектілерінің иелігіндегі пайдаланыл­май жатқан ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға немесе нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Әрбір ауыл әкіміне жайылымдық жерлерді мақсатты пай­даланбаған тұлғаларға ескертуді атап, жұмыс нәтижесін тұрақты баяндауды жеткізді.

– Бұл мәселе Мемлекет басшысының, облыс әкімінің тікелей бақылауында болғандықтан аса жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан 10 күндік мерзімде тиісті шаралар қабылдап, нәтижесімен жұмысшы топтың төрағасына ұсынуды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлерді пайдаланылмай отырған тұлғалардан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет, – деді аудан басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты сараланып, нақты тапсырмалар берілді.Аудан әкімдігінде Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер участкелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару мәселелері жөніндегі жұмыс­шы топтың отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі Талғат Дүйсебаев төрағалық етіп, оған аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеров, тиісті бөлім басшылары мен кент және ауыл әкімдері қатысты.

Жұмысшы топ отырысының күн тәр­тібінде 4 мәселе қаралды. Атап айт­қанда, «Тізімде көрсетілген тұлға­ларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу көрсеткіші», «Түсіндірме жұмыс­тары­ның нәтижесінде мал санын тір­кеген тұлғалардың санын, тиісті құжатта­рымен бірге ұсыну», «Түсіндірме жұ­мыс­тарын жүргізу арқылы өзге де анықталған мән-жайлар» және «Кері қайтару жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған жер саны, әрі қарай жер қатынастар бөліміне ұсыну жағдайы» бойынша атқарылған жұмыстар тал­қыланды. Мәжілісте аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы аудан көлеміндегі жайылымдық жерлерді мақсатты пайдалану керектігіне назар аударды. Ал жайылымдық жерлерді алып, оны өз мақсатына сай пайдаланбаған тұл­ғалар жерді мемлекетке кері қайтаруы тиіс. Аудан прокуроры бүгінгі таңда тиісті бөлімдермен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқан­дығын айтты.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәсе­лелер бойынша аудандық жер қаты­нас­тары бөлімі және кент, ауыл әкім­дерінің атқарған жұмыстары жеке-жеке тыңдалды. Осыған байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров хабарлама жасады. Баяндамашы ауданда нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай отырған жерлер жөнінде ақпараттарды жария етті.

– 2020 жылы «Ветеринариялық стан­са» мемлекеттік коммуналдық кәсіпор­нынан мал басы тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы мәліметтер сұ­ра­тылды. Нәтижесінде, барлығы 428 жер учаскелерінің ішінен жалпы көлемі 25340,12 гектарды құрайтын меншік иелерінің атында мал басы тіркелмеген барлығы 180 ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы, оның ішінде мал жайылымы үшін табысталған жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай отырғандығы анықталған болатын. Бұл – аудан бойынша табысталған жайылымдық жердің 6 пайызы. Анық­талған жер учаскелері бойынша аудан­дық кірістер басқармасына «Салық ко­дексінің» талаптарына сәйкес, салық мөл­шерлемесін 5 есеге көтеру туралы бөлім тарапынан тиісті ұсыныс хат жолданды. Одан бөлек, аудан әкімінің тө­рағалығымен 2020 жылдың 5 қыркүйек күні өткен аппарат мәжілісінде аталған мәселе бойынша кент және ауылдық округі әкімдеріне өз құзіреттері шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге ба­қы­лауды күшейтіп, талдау жасай отырып, пайдаланылмаған (игерілмеген) жерлерді мемлекетке қайтаруды қам­тамасыз ету туралы арнайы тапсырма берілді, – деді бөлім басшысы.

Өткен жылы жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде жалпы көлемі 2361,0 гектарды құрайтын 9 жер учас­кесінің меншік иелері өз еркімен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қай­тарған. Ал биылғы жылы осы жұ­мыс­тарды жалғастыру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда түсіндірме жұмыстары барысында 13 жер учаскесінің меншік иесі бірдейлендіру базасына мал басы санын тіркетіп, жа­йылымдық жерлерін игеруге кіріскен. Ал Айдарлы ауылдық округі бойынша жалпы көлемі 30 гектар болатын жайылымдық жер учаскесінің меншік иесі өз еркімен мемлекет меншігіне қай­таруға өтініш түсірген.

Жиында аудан әкімі кәсіпкерлік субъ­ектілерінің иелігіндегі пайдаланыл­май жатқан ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға немесе нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Әрбір ауыл әкіміне жайылымдық жерлерді мақсатты пай­даланбаған тұлғаларға ескертуді атап, жұмыс нәтижесін тұрақты баяндауды жеткізді.

– Бұл мәселе Мемлекет басшысының, облыс әкімінің тікелей бақылауында болғандықтан аса жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан 10 күндік мерзімде тиісті шаралар қабылдап, нәтижесімен жұмысшы топтың төрағасына ұсынуды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлерді пайдаланылмай отырған тұлғалардан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет, – деді аудан басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты сараланып, нақты тапсырмалар берілді.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 
27 ақпан 2021 ж. 807 0