Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 180 жер телімі игерілмеген

180 жер телімі игерілмеген

Сырдария аудандық прокуратурасы қадағалау аумағында жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскелерінің пайдаланылу жағдайына талдау жасады. нәтижесінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылмағаны, жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің игеру мерзімдері өтіп кеткеніне қарамастан, аталған жер учаскелері мемлекетке қайтарылмағаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері осы Кодекс­те белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жекеменшікте де болуы мүмкін.

Кодекстің 145-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және өзге де уәкiлеттi органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Мысалы, жер пайдаланушы Г-ға Сырдария ауданы әкімдігінің шешімі­мен (27.12.2007ж. №37) ауыл шаруашылығы мақсатын жүргізу үшін А.Тоқмағамбетов ауыл­дық округінде 95,0 га құрайтын жер учаскесі табысталған. Нәтижесімен, осы күнге дейін аталған жер учаскесі игерілмеген. Осы тектес заң бұзушылықтар, А-ға, Н-ға, Е-ға, Р-ға, И-ға, К-ға, М-ға, Г-ға және т.б. қатысты орын алған. Барлығы 180 жер иегері. Сондықтан аудандық прокуратура аудан әкімдігіне заң бұзушылықтарды жоюды ұсынды. Қазіргі таңда аталған жерлерді мемлекет пайдасына қайтаруға жұмыстар жүргізілуде.

Сырдария ауданының прокуратурасы

05 желтоқсан 2020 ж. 836 0