Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшесі тазаның – көңілі таза

Көшесі тазаның – көңілі таза

Тазалық жай ғана жүрдім-бардым қарайтын дүние емес. Мұнда үлкен тәрбие негізі, мәдениеттілік бар. Се­бебі, тазалық – адамның рухани, мә­дени жетілу дең­гейінің, кісі­лігі мен тәрбиесінің маңызды көр­сеткішінің бірі. Ол жан-жақты адам өмірін, болаша­ғын, имандылығы мен адамгершілік сияқты кісі ғұмы­рына тән көптеген тармақтарды қам­тиды. Даналарымыз адам өмірінің зор байлығы – денсаулық десе, ал денсаулықтың кепілі – тазалық екенін ұғындырған. Сондықтан тазалық – адамның мәдениеттілігі­нің, адам­гер­шілігінің таразысы, иманның жартысы саналады.

Біз көше мәдениетін қозға­ғанда ең алдымен тазалықты сөз ететініміз анық. Өйткені, кө­шедегі мәдениеттіліктің бас­тауы тазалық екені айтпаса да түсінікті. Әрбір адам өзі­нің көшесін, ауласын таза ұстау арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Ал қоршаған орта күл-қоқысқа толып жатса, оның адам денсаулығына ти­гізер зияны көп. Сол себепті де тұрғындар айналаны ластамай, біреудің айтуымен емес, өздерінің денсаулықтары үшін санитарлық тазалыққа мән бе­ріп қарағаны жөн.

Жыл сайын көктемгі және күзгі уақытта екі айлық таза­лық айлығы жүргізіледі. Облыс, аудан көлемінде уақыты бекітіліп, сол бойынша сенбі­ліктер ұйымдастырылады. Тиі­сін­ше, осы мезгілде де аудан төңірегінде тазалық айлығы жалғасуда. Соның нәтижесінде, біраз көше бойы тазартылып жатыр. Десе де қазіргідей сар­ғайған жапырақтардың жер­ге көптеп түсуі, қураған шөптер­дің қалдығы, оның үстіне жа­уапкершілікті сезінбеген кей­бір тұрғындардың тұрмыстық қал­дықты шашып тастауынан көше бойында санитарлық таза­лық та­лаптары сақталмауда.

Осы тұста, тазалыққа тұр­ғындар жауапкершілікті сезі­нуі тиіс. Өзінің есік алдын, кө­ше жақ бетін тазартып, күл-қоқысты шығармай, таза ұс­таса, оның қоғамға тигізер пайдасы көп. Яғни, әрбір адам кө­ше тазалығына жауап берсе, кенттің де келбеті айшықтала түсетіні анық. Сондықтан кент тұрғындарын көше тазалығын сақтауға, тазалық акцияларына, оның ішінде республика дең­гейіндегі «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Те­реңөзек кентінің тазалығын сақ­­тауға бір кісідей қатысуға шақы­рамыз.

Тереңөзек кенті әкімдігі
09 қазан 2021 ж. 553 0