«Үздік аула» байқауы қорытындыланды

Сөзімізге дәлелді «Үздік аула» байқауының қорытындыларынан айқын аңғарамыз. Жыл сайын жаз мезгілінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға Сырдария ауданының кент орталығы мен ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындары қатысқан.
Сырдария ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған іс-шарада тұрғындар белсенділік танытты.
Байқау ережелеріне сәйкес үздік аула иегері болып Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағамбетов ауылынан Өкшебаев Ерболат Бегілікұлының ауласы жеңімпаз атанды.
– Әркім тазалықты өз есігінің алдынан бастауға тиіс. Жастар көшеде қоқыс тастап, тазалыққа мән бермей жатады. Осы тұста осындай шаралардың ұйымдастырылуы маңызды. Бұл бір жағынан игі іс болса, екінші жағынан ұрпағымызға көрсеткен үлгіміз болмақ, – дейді байқау жеңімпазы Е.Өкшебаев.
Үздік аула иегеріне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом және бағалы сыйлық табысталды.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі