Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ескерткіштер – өшпес мәңгі мұрамыз

Ескерткіштер – өшпес мәңгі мұрамыз

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Ақжарма ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында және "18 сәуір – Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күніне" орай "Ескерткіштер – өшпес мәңгі мұрамыз" атты аудандық жас суретшілердің онлайн байқауы өтті. Жас суретшілер екі кезең бойынша өз шығармаларын жолдады. Бірінші кезең бойынша "Туған жерім – тұғырым" тақырыбында және екінші кезеңде "Біз біргеміз" тақырыбы аясында суреттер салуда онлайн байқауға қатысушылар өз шеберліктерін көрсете білді. Жасөспірімдерді туған жердің тарихын білуге, тарихи орындар мен ескерткіштерді құрметтеуге және насихаттауға бағытталған онлайн байқауға 13 елді мекеннен жас суретшілер қатысты. Олардың ішінде үздіктері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жетікөл ауылынан қатысқан өнерпаз Жиенбай Мухаммад I орынды иеленсе, II орын ақжармалық Серікбаев Даниярға, III орын шіркейлілік Ерболатұлы Нуриддинге және Қалжан Ахун ауылынан қатысқан өнерпаз Аралбаева Нұрайымға бұйырды. Ал"Арнайы жүлдені" Нағи Ілиясов ауылынан қатысқан өнерпаз Мұратова Жансая иеленді. Онлайн байқауға Тереңөзек кент клубынан, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов, Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл, Іңкардария, Шаған ауылынан қатысқан өнерпаздар Алғыс хатпен марапатталды.
23 сәуір 2020 ж. 985 0