Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА МӘН БЕРСЕК

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА МӘН БЕРСЕК


АУДАН ӘКІМІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 27 ТАМЫЗ КҮНГІ №335 ӨКІМІМЕН АУДАН ЕЛДІМЕКЕНДЕРІНДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ, КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЕКІ АЙЛЫҒЫН 8 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 10 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗУ ЖАРИЯЛАНҒАН БОЛАТЫН. ОСЫҒАН ОРАЙ АПТА САЙЫН СЕНБІЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ҮЙ МАҢЫН КҮЛҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ.
Көктем-күз айларында тазалық айлығына байланысты кент әкімдігі тарапынан рейд ұйымдастырылуда. Жұмысшы топ құрамында учаскелік полиция инспекторы М.Мамытов, көмекшісі, полиция инспекторы Ж.Жұмабек, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы М.Самалықов, кент әкімдігінің әдіскері Д.Смайлов кенттің Аманкелді, Достық, Желтоқсан, Жастар, Қазақ, Жамбыл, Әлиакбаров, Қонаев, Алшынбаев, Құттыбаев, Оразбаева, Тоқтыбаев, Керейтбаев, Н.Ілиясов көшелерін аралады. Рейд барысында көше тұрғындарына санитарлық тазалық жұмыстары жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күл-қоқысты көше бойына тастау сияқты келеңсіздіктер болған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді. Кент тұрғындары өз күштерімен ауыз су, аяқ су жүргізу үшін асфальтты бұзып, қазу жұмыстарын кент әкімдігінің келісімінсіз бастап кетеді. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ электр торабы, телекоммуникация қызметкерлері желілерді тарту кезінде кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесіп тастап кетеді. Асфальт жолдың бойына ағаш бұталарын шашып кету кент көркіне кері әсер етеді. Сондықтан кескен ағаштарды өздері жинап кетуі тиіс. Жалпы мұндай жұмысты атқарар алдында кент әкімдігінен келісім алған жөн, – дейді кент әкімдігінің әдіскері Д.Смайлов.
Кент көшелерінің тазалығына жауапты мекемелердің сенбі сайынғы жұмыстарына арқа сүйеп тұрғындар өз үйлерінің көше беттегі қоқыстарды тазаламайды. Бұл әрине, азаматтығымызға сын. Сондықтан үйдің үлкендерінен бастап, кішісіне дейін көркейту мен тазалыққа үйренетін кез келді.

Б.ЖАНӘЛІ
11 қазан 2018 ж. 1 333 0