Президент жолдауы: Алдағы даму бағыты айқын
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындаумәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте Президент Жолдауында айқындалған міндеттерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
«Президентіміздің Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Ендігі міндет – белгіленген басымдықтарды жүйелі жүзеге асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу. Әрбір басқарма басшысы, қала және аудан әкімдері өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Жұмысымыздың басты өлшемі – халықтың сенімі мен өңірдің тұрақты дамуы. Сондықтан барлық бағыт бойынша күш біріктіріп, тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындауқажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Аймақ басшысы инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті әртараптандыру,ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырудыңэкономикалық өсімге тигізетін оң әсерін атап өтті. Сондықтан жаңа жобаларды іске асыруға және отандық өнім көлемін ұлғайтуға басымдық берукерек.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін бағалау үшін алдағы уақытта мектептерге, медициналық мекемелерге, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілік жан-жақты зерделенеді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету, жол сапасы мен көлік қатынасын жақсарту, басталған жобаларды мерзімінде аяқтап, бюджет қаражатын тиімді пайдалану маңызды.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыру, кадр тапшылығын азайту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және балалардың қауіпсіздігі бірінші кезектегі міндеттер қатарында.
Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін ведомствоаралық деректер алмасуды жетілдіру, есептілік жүктемесін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту жұмыстары жалғасады. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жасанды интеллектті қолданыпжүзеге асырылатын жобалар тізбесін әзірлеу тапсырылды.
Қаржының уақытылы игерілуіне кедергі келтіретін мәселелерді алдын ала зерделеп, жедел шешу керек. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы, орындалған жұмыс сапасы және бөлінген қаражаттың нәтижелілігі тұрақты бақылауда болады.
Тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату да – маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел жауап беру, халықты толғандыратын мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың қордалануына жол бермеу міндеті қойылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі










