Рейд жұмыстары жүргізілді
Кеше аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.Іс-шара барысында саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексерілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.










