Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҮЛДІРШІНДЕР БАЙҚАУЫ

БҮЛДІРШІНДЕР БАЙҚАУЫ


Көктем келгенде арулар құлпырып, гүлдей жайнай түседі. Оның үстіне, шуақты мезгілмен бірге келетін ардақты жандардың мерекесінде арулар байқауы көптеп ұйымдастырылады. Осы орайда, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің «Балапан» шағын орталығындағы ортаңғы топ бүлдіршіндерімен «Көрікті көктем аруы» атты сайыс өткізілді. Оған 6 бүлдіршін қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқауды шағын орталықтың ортаңғы топ тәрбиешісі Ә.Берденова ұйымдастырды.
Бүлдіршіндер байқауы 5 кезең бойынша өрбіді. Олар бірінші бөлімде өздерін таныстырды. «Өнерлі өрге жүзеді» сайысында ару қыздар ән айтып, би биледі, өнерлерін көрсетті. Ал қолөнер кезеңінде бүлдіршін қыздар аналарымен бірге түрлі-түсті қағаздардан мерекелік сыйлықтар жасады. Ерекше қуаныш сыйлайтын мезгілдегі сайыстың келесі кезеңінде бүлдіршіндер сән үлгісін көрсетсе, соңғы бөлім «Дәм-думан» деп аталды. Онда үйден жасалған тағамның жасалу әдісі мен құрамын түсіндіріп берді.
Шағын орталық тәрбиеленушілері арасындағы байқауға мектеп-лицей директорының бейіндік оқу жөніндегі орынбасары З.Биманова, шағын орталық психологы Ә.Төлегенова, «Нұр-сәби» тобының тәрбиешісі Ж.Сахыпова және шағын орталық қоймашысы Ш.Нұрымова әділ-қазылық етіп, лайықты бағаларын берді. Нәтижесінде, Жанерке Серікболсынова «Көрікті көктем аруы» атанып, бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Айжанар Маралқызы «Сүйкімді бүлдіршін», Бегімай Зинаддинқызы «Сымбатты бүлдіршін», Зухра Асанова «Әдепті бүлдіршін», Камила Карл «Инабатты бүлдіршін» және Зере Молдабекова «Өнерлі бүлдіршін» атанып, диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Е.БЕРКІНБАЕВ
13 наурыз 2018 ж. 2 743 1

Гость JeaOrer от 5 ақпан 2019 02:41
Meilleur Site Pour Achat Propecia buy generic cialis Where To Buy Clomid Online Bodybuilding Order Avanafil Comprar Cialis Uso Diario