Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ-2018

ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ-2018

Жақында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде "Үздік сынып жетекші - 2018" мектепішілік байқауы ұйымдастырылып, 14 ұстаз қатысты. Олар екі кезең бойынша біліктіліктерін көрсетті.
Алғашқы кезең бойынша сынып жетекшілері "Туған жерім - қасиетім", "Поговорим о доброте", "Дорогою добра", "Ұстаздарға мың алғыс!", "Цени сейчас, а не потом!", "Қазақстан - мейірімділік мекені", "Азбука вежливости", "Алдымен сүй, құрметте, ата-анаңды!", "Мүшел жас - мерейлі жас", "Алғыс айту - парызым", "Наша выбранная профессия - залог вечный страны" тақырыптарында ашық сынып сағаттарын өткізді. Екінші кезеңде өз білімдерін, кәсіби біліктіліктерін ортаға салды. Мұғалімдер педагогикалық, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, портфолио қорғап, "Мен және менің сыныбым" сайысында бақтарын сынады.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені 10 "Б" сынып жетекшісі Г.Ергалиева, І орынды 9 "А" сынып жетекшісі А.Серікбаева, ІІ орынды 7 "В" сынып жетекшісі Н.Мұсаева мен 4 "В" сынып жетекшісі Ә.Жұмабекқызы, ІІІ орынды 8 "А" сынып жетекшісі А.Федотова және 3"Д" сынып жетекшісі М.Балмағанбетова иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Е.БЕРКІНБАЕВ
05 наурыз 2018 ж. 4 184 0