Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп сақшылары мерекемен құттықтады

Тәртіп сақшылары мерекемен құттықтады

Сырдария аудандық полиция бөлімінде «Әйел – әлемнің анасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты жиынды аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Жанәлиев ашып, жүргізді.

–Ауданның полиция бөлімінде қызмет ететін барша әйелдер қауымын «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймын. Сіздер ер азаматтармен қатар тәулік бойы ел тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет етіп келесіздер. Қиын да жауапкершілігі мол еңбекте алдыңғы шептен көрініп, әріптестеріңіздің арасында зор беделге ие болып келесіздер. Қызметте – әріптес, отбасында – ана ретінде қуанышқа кенеле беріңіздер. Бүгінгідей шуақты мерекеде баршаңызға ұзақ өмір, зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін, – деді полиция подполковнигі Ербол Жанәлиев.

Мерекелік басқосуда қызметтегі қыз-келіншектерге сый-сияпат көрсетіліп, құттықтау хаты табысталды. Өз кезегінде бөлімнің қыз-келіншектері көрсетілген құрмет пен сый-сияпатқа алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, бүгінде Сырдария аудандық полиция бөлімінде 17 нәзік жанды қыз-келіншектер абыройлы қызмет етіп келеді.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
07 наурыз 2021 ж. 530 0