Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ

АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ

Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнінде аудан ұстаздарына құрмет көрсетілді. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде ардагер-ұстаздардың, білім мекемелерінде жұмыс жасайтын «Күміс алқалы» ұстаз аналардың, техникалық қызметкерлердің басын қосып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Тұмар» бишілер тобының «Ша­шу» биімен ашылған шараға «Сыр­дария ауданының әйелдері» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы А.Есназар қатысты. Мерекелік жиынның алғысөзінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, әркез әйел-аналардың орны бөлек екенін айтты. Оның ішінде, өзінің уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаған ұстаз аналарға деген құрмет ерекше екенін жеткізді. Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан бірлестік төрайымы ана – өмір шырағы екенін тілге тиек етті.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева құттықтау сөз сөйледі. Бөлім басшысы Елбасы көп балалы аналарға қамқорлық жасауды тапсырғанын атап, соған орай «Күміс алқалы» аналарға құрмет көрсетіліп жатқанын айтты. Оған қоса, өз мамандығының білгірлері болған мерейлі ұстаздар мен білім ұйымдарында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер де бар екенін атады. Түптеп келгенде, мұның барлығы әйел-анаға деген құрмет екенін жеткізіп, мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, мерекелік шарада ардагер-ұстаздар А.Ізбасарова, Г.Әбілова, Б.Бакирова, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы А.Есназар мерекелік лебіздерін жеткізді.
Шара барысында құрметті меймандар білім қызметкерлерін, көп балалы ұстаз аналарға «Құрмет грамотасын», «Алғыс хат» табыс етіп, сый-құрмет жасады. Мерекелік басқосуда көңілді әндер шырқалып, ұстаздар құрметке бөленді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
12 наурыз 2019 ж. 1 237 0