Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты аналарға құрмет көрсетті

Ардақты аналарға құрмет көрсетті

Ардақты аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құттықтады. Шуақты мерекеде аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Нұрлан Садықов, бөлім бастығының орынбасарлары Ербол Жанәлиев пен Бақытжан Қаппар және тәртіп сақшылары ішкі істер саласының ардагері Галина Васильевна мен ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың анасы Шынар Қозыбаеваға құрмет көрсетті.


– Қадірлі аналар шырайлы көктемнің шуақты күні – барша азаматтың көңілін жадырата келген «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ел үшін еткен еңбектеріңізді ерекше бағалай отырып, құрмет көрсету – біздің парызымыз. Шырайлы мерекеде отбасында жадырап, жайнап жүре беріңіздер, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Нұрлан Садықов.

Өз кезегінде ардақты аналар тәртіп сақшыларына алғысын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.

Б.ОРДАБЕКОВ

07 наурыз 2021 ж. 1 051 0