Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар құрмет төрінде

Ұстаздар құрмет төрінде

Апта ағымында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде санитарлық талапты сақтай отырып, «Сыйынар ем, ана деген Тәңірге» тақырыбында «8 нау­­­рыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Оған облыс­тық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ко­­ми­­те­тінің тө­райымы, об­лыс­тық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Қа­лихан Омаров, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар, білім саласының ардагерлері Ұлмекен Жанәлиева, Баян Сүюбаева бастаған сала майталмандары мен ұстаздар қатысты.

Салтанатты іс-шарада облыстық білім және ғылым қызметкерлері кә­сіподақ комитетінің төрайымы, об­лыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқа­лиева көктемнің шуақты мере­кесімен ардақты аналар мен қыз-келіншектерді құттықтады.

– Ардақты аналарды, аяулы әріптестерді, білім саласының білікті мамандарын жайдарлы көктемнің ерекше мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Білім нәрін халық баласына сусындатып, айтулы салада қажырлы еңбек етіп келесіздер. Бала сауатын ашып, үлкен өмірге қанат қақтыру – зор мәртебе. Өткен жылы «Педагог мәртебесі» Заңы қабылданып, ұстаздарымыздың құқықтық мүд­десі қорғалу үстінде. Өз кезегінде біздер кәсіподақ ко­митеті мұғалімдердің құқы­ғын қорғауда, жан-жақты ынталандыру бағытында жұмыс жасай бер­еміз, – деді Гүлнар Бабабекқызы.

Іс-шарада білім саласы қызмет­керлері мен ұстаздарға облыс­тық білім басқармасы, білім және ғылым қыз­мет­керлері кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі және білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Құрмет громотасы» мен бағалы сыйлық табысталды. Сонымен бірге аудандық білім бөлімінің басшысы Қалихан Омаров, білім саласы қызметкерлерінің кә­сіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Ал білім саласының ардагері Баян Сүюбаева жиналған көп­шілікке ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кету керек, салтанатты іс-шарада аудан өнерпаздары ән айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
06 наурыз 2021 ж. 659 0