Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты ардагерлерге құрмет көрсетті

Ардақты ардагерлерге құрмет көрсетті

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың үйіне арнайы барып, ата-анасын жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтады. Даңқты батырдың шаңырағында болған аудандық полиция бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Б.Қаппар, аға тергеуші Н.Беркінбаев, тергеуші Б.Әбіләзиев, криминалист Е.Мырзаш ардақты ардагерлер Есентай Қозыбаев пен Шынар Қозыбаеваға құрмет көрсетті.

Ерлік, батырлық, қаhармандық – бұл бір-біріне жақын егіз ұғымдар. Талғат Қозыбаев ішкі істер саласында аз ғана уақыт ішінде  табанды еңбек етті. Ел тыныштығын күзеткен әріптесіміздің атқарған қызметі зор. Оның ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Алдағы уақытта батырдың ұлы Алмат әке жолың жалғастырады сенеміз, – деді аудандық поллиция бастығығының тергеу жөніндегі орынбасары Б.Қапбар.


Өз кезегінде Талғат Қозыбаевтың ата-анасы  тәртіп сақшыларына шынайы алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.  

13 қаңтар 2021 ж. 485 0