Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ


«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші халық баласына білім нәрін сусындатқан мұғалімнің еңбегі орасан. Өткен жылды ауданның білім саласы қызметкерлері табысты қорытындылады. Жыл бойына шәкірттері сан алуан білім бәсекелерінен жеңімпаз атанып, аудан мерейін асқақтатты. Мектеп түлектері жоғарғы нәтиже көрсетіп, мемлекеттік грантқа ие болды. Осы орайда аудандық спорт кешенінде аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кəсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік шара өткізді.
Шара барысында аудандық мəдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен қызықты ертегі желісі, арнайы қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Өз кезегінде білім саласының ардагері Ұ.Жаналиева, білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева, аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұйымының төрағасы А.Есназар сөз алып, қатысушыларға жүрек жарды лебізін жеткізіп, құттықтады.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ
05 қаңтар 2019 ж. 1 154 0