Тәртіптік жауапкершілікті қатаңдату ұсынылды

Шара барысында Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу» КММ-нің бас маманы-есепшісіне және «Беларан ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің маманына қатысты орын алған заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайлардыжою жөнiнде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарлама жасалып, өз кезегінде Бектемір Ұлыбекұлыаудан әкімдігімен 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралары бойынша ақпараттар баяндалды.
Сонымен қатар, Арал аудандық әкімдігіне алдағы уақытта екінші қол қою құқығына ие тұлғаға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін беруге шектеу қойып, тәртібін бекіту, қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген басшылардың заң талаптарына сай берілген тәртіптік жауапкершіліктерін қайта қарап, қатаңдатуды ұсынылды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту мен комплаенс қызметін енгізу қажеттігі ескертілді.