Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2020 жылғы 25 желтоқсанда ZOOM платформасы арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Б.М.Ниязовтың төрағалығымен, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Ә. Есмахановтың, облыстық білім басқармасының басшысы А. Б, Қасымованың және білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының талабына сай ұсыныстар қаралды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер шыншылдық пен әділдік сияқты қағидаттарға адалдығын іс жүзінде көрсете бастауы маңызды екендігін атап өтіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсында.

Шара соңында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Ә. Есмахановтың, облыстық білім басқармасының басшысы А. Б, Қасымованың хабарламаларын тыңдап, 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
28 желтоқсан 2020 ж. 531 0