Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының іс-шара жоспарына талдау жүргізілді

«Саналы ұрпақ» еріктілер клубының іс-шара жоспарына талдау жүргізілді

«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы Қорқыт Ата университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында басқарма басшысы студенттерге «Парасаттылық пен Адалдық» қағидаларын насихаттай отырып, 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Antikor Ortalygy» сервистік орталығының жұмыс барысымен таныстырды.

Сондай-ақ кездесу соңында өңірлік «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша талқылау жүргізді.
03 ақпан 2021 ж. 725 0