Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЫҚПАЛ ҚАНДАЙ?

ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЫҚПАЛ ҚАНДАЙ?


Елдің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу жолындағы ең басты қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Тәуелсіз елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Елбасы Н.Назарбаев «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз»,- деген болатын. Сонымен қатар осы мәселеге Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында да көп көңіл бөледі.
Елбасы Жарлығымен бекітілген «ҚР 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбестік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айқын қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасымен 2017 жылы 48 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, оның 20 бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынулар жолданып, аталған ұсынуларға сәйкес нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері шешілді.
2018 жылдың басынан бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркеліп, соның ішінде ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында басқармамен барлығы 3 ұсыну жолданып, аталған ұсынулар бойынша қазіргі таңда шешімдері күтілуде.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
24 сәуір 2018 ж. 1 285 0