ТАҒДЫР СЫНАҒЫНАН ШЫҢДАЛҒАН АҚЫН
Көктем келіп жер жіпсіген сәтте айнала шуаққа бөленіп, құлпырып сала береді. Ақын жүрегі табиғатпен егіз жаратылған. Жанарынан бар сырын ұқтырып, адам біткенді поэзия құдіретімен баурап алады. Буырқанып соққан дауылдай бар екпінмен оқырман санасына жарық ұшқынын құяды. Поэзия атты ғаламаттың тұңғиығында нәзік жандылардың орны ерекше. Жалпы өмірде қарапайым отанасы, ибалы ару кейпіне енгенімен, өлеңдерінен нағыз қайсарлық, тектілік тұрпатын байқайсың. Мықтылығы өз алдына дараланып шығады. Осы ретте қазақтың ақын қыздарының ішінде талантымен көпті тәнті еткен, шығармашылық айдынында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін Асылзат Арыстанбектің басқаларға қарағанда әлемі бөлек. Жұртшылықты әдемі жырымен сусындатып жүрген адуынды ақынмен 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Алдымен ақын-ару ғұмырынан азғантай сыр шертсеңіз?
– Мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында 1978 жылы 26 ақпанда дүниеге келдім. Алтыншы сыныпқа дейін облыстық Дарынды балалар мектебінде білім алдым. Содан кейін 1996-2000 жылдар аралығында Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқуымды тәмамдадым. Осында тұрмыс құрдым. Журналистік еңбекке араласып 15 жылым осы қалада өтті. Сосын арман қала Астанаға келдім. Астана - менің көп арманымды жүзеге асырды. «Бесінші маусым» және «Сіз ғана» деген атаумен екі кітабым жарық көрді. Екі перзентім астаналық. Былтыр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде «Сіз ғана» деген шығармашылық кешім өтті. Журналист болу арманым еді. Болдым. Редактордың орынбасары қызметінен кетіп жеке кәсіппен айналыстым. «Асылзаттың әшекейлері» деген өз қолымнан жасалған әшекейлер дүкенін аштым. Қарапайым тұтынушыдан бастап, әнші жұлдыздардың образдарын ашатын сәнді әшекейлер жасадым. Әшекей жасау да өлең жазғандай өте кірпияз тәкаппар өнер. Өлең мен өрнек менің қос қанатым сияқты. Кейін кәсібімді жандандырып «Асылзат» ұлттық дүкеніне айналдырдым.
– Поэзияның құдыреті жүрек түкпірінен қалайша орын алды?
– Поэзия дәні әу баста әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен Құдайдың құдыретімен сіңетін өнер болса керек. Бала кезімнен зерек едім. Үнемі үйде жалғыз қалатын кездерім болады. Сондай сәтте айқайлап өзім шығарған өлеңдерді әуенімен айтып жүруші едім. Өлең шамасы сағыныштан туады ау, қалаға оқуға кеткенде интернатта жатып өлең жазатынмын. Бұл қабілетімді байқаған ұстаздарым 11 сынып оқып жүргенімде «Талаптың мініп тұлпарын...» деген тақырыпта шығармашылық кешімді өткізді. Бұл сол уақыт үшін сенсация болатын.
– Бала күнгі Асылзат пен бүгінгі адуынды ақынның айырмашылығы қандай?
– Бала кезімде өте ұяң болдым. Жоғарыда үйде жалғыз қалатынмын дедім ғой. Көбіне саяқ жүргенді ұнатушы едім. Барлық іске икемім келетін. Сабақты да жақсы оқыдым. Негізінен бойымдағы ұяңдығым мен толып жатқан комплекстерімнің кесірінен көп қабілетім кеш ашылды.
– Адамның қадір қасиеті істеген ісімен өлшене ме?
– Әрине, адам бойындағы қасиеттер ісімен сөзі қабысқан сәтте көрінеді. Сөзі мен ісі басқа адамда қадір қалмайды.
– Адамзаттың таусылған ба құмары,
Болған емес бір мінезді тұрағы.
Менің өзім бетпақтанып кей кезде,
Беттен алып ұрысқым келіп тұрады. - деп мінез туралы біршама мысал келтіресіз. Жалпы адам өз мінезіне басшылық жасай ала ма?
– Жас кезде амбицияға ерік бересің. Есейе келе мінезді дұрыстауға болатынын, адам өзін тәрбиелей алатынына көзім жетті. Абайдың өзі «Адам мінезін түзеуге болмайды деген адамның тілін кесер едім» демей ме?
– Қазіргі жастарға аналық ақылыңыз, енді шығармашылыққа қадам басқан шәкірттеріңізге айтарыңыз бар шығар?
–Жастар көбірек оқыса, ізденсе деймін. Өлеңнің техникасын меңгеріп, алып та ақын болуға болады. Бірақ ондай өлеңнен жасандылық байқалып тұрады.
– Бірінші байлық денсаулығыңыз сыр бергенде бар қияметті жеңіп шықтыңыз. Кейбір тұста адамға төзімділік жетіспей жатады. Өмірдегі тәжірибиеңізді аз-кем оқырмандарыңызға айтсаңыз?
– Өз басым 1998 жылы сал ауруынан, 2014 жылы инсульттан, 2017 жылы рактан тұрдым. Құдай маған әр сынақты жіберген сайын, сабырлылықпен, сырбаздықпен шығарып салдым. Ешқандай байбалам салмадым. Әр аурудың артында өзімді түзеуге жолын кескен адамдарым болса кешірім сұрауға, кесірі тигендерді кешіруге дағдыландым. Мен әр сәт сайын бойыма дендеп алған дертті ғана жеңген жоқпын, өзімнің осал тұстарымды түзедім. Адам болуға ұмтылдым.
– Байқағаным бар ғұмырыңыз, жүріп өткен жолыңыз қиындықпен өрілген екен. Сіздің басыңыздағы тауқымет өзге біреуде болса өмірден баз кешіп кетер ме еді. Осы ретте жас отаулар сәл ғана ауыртпалықты көтере алмай шыдамсыздық танытып жатады. Бүгін жас отбасыларға айтар кеңесіңіз бар ма?
– Бір түсінгенім - шаңырақтың берекесін арттыратын әйел екен. Әйел сабырлы, салиқалы салмақты болса шаңырақ шайқалмайды. Еркектің мерейін арттыратын да әйел. Сондықтан жас келіншектер әлдеқайда сабырлы болса екен. Әр істі салмақтап, саралап отырса. Мінездерін түзеп өз-өздерін тәрбиелесе шаңырақ шаттығы сақталады.
– Асылзат ханым, осы арада бір сұрақ туындап отыр. Жарыңызбен ең алғаш қалай таныстыңыз? Балаларыңыздың шығармашылыққа деген оның ішінде поэзия әлеміне деген құштарлығы қандай?
– Көкшетауда 3 курс оқып жүріп, оралман жігітке тұрмысқа шықтым. Өнерлі отбасынан шыққан азамат еді. Тұңғыш ұлымның әкесі. Бірақ 10 жыл отасып, белгілі себептермен ажырасып кеттік. Содан кейін Астанаға келгенім аян. Бір жыл өтер өтпестен Аралдың жігітімен танысып көңіл жарастырдық. Сыр сүлейлерінің ізін басқан Хакем менің бүкіл тауқыметімнің қайтарымы іспетті. Бағым да барым да отбасым. Тілекшілерім. Шығармашылығыма да еркіндігіме де қолдау көрсететін жолдасыма басымды иемін.
Ал, балаларымның барлығы шығармашыл. Үлкен ұлым Елдостың ақындығы өзінше бөлек. Абылай екінші сынып оқиды. Тілге шешен, тапқыр, ойы ұшқыр. Қызым Нұрай екі жаста, бірақ оның сөйлеген сөзінен-ақ өнерден кенде болмайтынын сеземін. Балаларымның зеректігіне ата-енемнің қосқан үлесі зор. Өткен жылдың соңында Астанадағы кәсібімізді тоқтатып, дүкенімізді жауып, Іңкәрдария ауылындағы ата-енеміздің қолына көшіп келдік. Өмірде жеткен жетістігім аз емес. Ел алдында жүрмін, оқырмандарым баршылық, бірақ қариялардың батасын алу парыз. Бүкіл көрген киыншылығымыз артта қалып, қалған ғұмырымызды ата-ананың қолына су құйып, әрдайым жанынан табыла алсақ арманымыз жоқ.
– Нәзік жандыларға мерекелік тілегіңіз?
– Барлық ана бақытты болуға лайықты. Лайықты ғана емес тиісті. Ана бақытты болса, бала жыламайды, күйеу күйінбейді, әке-шеше налымайды. Сондықтан барлық әйел затына бақыт тілеймін!
– Мәнді сұхбатыңызға рахмет!

Сұқбаттасқан Балтабай ОРДАБЕКОВ