Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есіктен – есіккке» акциясына қатысты

«Есіктен – есіккке» акциясына қатысты

Үгіт-насихат жұмысы аудан көлемінде жалағасын табуда. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Маханбетова мен З.Жаманқұлов «Есіктен – есікке» акциясына қатысты.


Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Маханбетова және партияның белсенді жастары сайлаушылардың үйлеріне барды.

– Бүгінде барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы мақсатта ашық партияішілік сайлау – праймериз өткізілді. Партия барлығына ашық! Біз ел азаматтарының сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз әр азаматтың сенімін бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!, – деді аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясының атынан үміткер ретінде партиялық тізімге енгізілген Г.Маханбетова


Ал аудандық мәслихат депутаттығына кандидат З.Жаманқұлов және Амангелді ауылындағы сенімді өкілдер сайлаушылардың үйлерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, парақшалар таратты.
Біз ауыл тұрғындарының мәселесін көтеруге барымызды саламыз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – адамдармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделген. Қазіргі таңда бүкіл әлемде және елімізде пандемия жалғасуда. Алдағы күндер оңай болады деп ешкім де уәде бере алмайды. Әйтсе де, біз әрқашан күш біріктіре отырып, кез келген дағдарысты жеңіп, еңсеріп келеміз. Біздің сайлау науқанымыздың басты ұраны – қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бір топ ретінде кез келген биікті бағындыра алатынымызға сенімдімін, – деді аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясының атынан үміткер ретінде партиялық тізімге енгізілген Зейнұр Жаманқұлов.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
13 желтоқсан 2020 ж. 433 0