КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ
Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтіп, үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе – «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну бойынша №12 «Амангелді» сайлау округінен Жаманқұлов Зейнұр Қайрадинұлы ұсынылды. Кандидаттың партия филиалының аппаратына аумақтық сайлау комиссиясында тіркеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізілетін болады. Келесі мәселе бойынша аудандық партия филиалының сектор меңгерушісі А.Садықова «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы жобасын талқылау жайында хабарлама жасады. Тұжырымдама жобасы барлық бастауыш партия ұйымдарында талқыланады. Үшінші мәселемен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары туралы баяндады.
«Тт ақпарат»