Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «JAS OTAN» жастар қанаты акцияға қатысты

«JAS OTAN» жастар қанаты акцияға қатысты

«Jas Otan» Жастар Қанатының Сырдария ауданындағы белсенділері аудандық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына қатысты. Жасотандық жастар кітапхана қорына өздерінің үйлеріндегі жеке кітаптарын сыйлады.

Іс-шараға аудандық кітапхана директоры Гүлстан Нұржакиева, «Jas Otan» Жастар Қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы, кітапханашылар мен белсенді жастар қатысты.

Акция барысында кітапхана қорына тарихи кітаптармен қатар, балаларға арналған қызықты жинақтар табыс етілді. Өз кезегінде жастар аталған акцияны әлеуметтік желіден көріп қызығушылықтары оянғанын айтып, өздері оқып болған жеке кітаптарын өзге де оқырмандар оқыса деген ниетте кітапхана сыйлауды жөн санағандарын жеткізді. Бұл іске аудан жастары белсенді түрде үлес қосса, акцияның ауқымы кеңейе түсетінін атап өтті.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясында аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева «Jas Otan» Жастар Қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы А.Ибрагимұлы бастаған жасотандықтарға алғысын айтты. Кітапхананың есігі жастар үшін әркез ашық екені, сондай-ақ «Coworking» орталығы жұмыс істейтіні жөнінде мәлімет берді. Акциядан соң жастар кітапхана жұмысымен танысты.
09 қазан 2020 ж. 974 0