Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елбасының Алғыс хаты табысталды

Елбасының Алғыс хаты табысталды

Nur Otan Партиясының Сырдария аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын табыстауға арналған марапаттау шарасы өтті.
Карантин талаптарын сақтау арқылы ұйымдастырылған шараға Nur Otan Партиясының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып, Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы және БАҚ өкілі қатысты.
Марапаттау шарасында 2020 жылдың 25 маусымына дейін Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келген Айдос Омаровқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты табысталды.
Аталған марапат Айдос Бағдатұлына «Bizbirgemiz» республикалық акциясын жүзеге асыруға қосқан айрықша үлесі үшін берілді.
Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз және жастар саясатын дамыту бағытында жүзеге асырылатын жұмыстарды алдағы уақытта Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесімен бірлесе атқарады деп сенеміз, – делінген аудандық Jas Otan-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 
30 маусым 2020 ж. 905 0