Jas Оtan Жастар қанатының бөлімше басшысы сайланды
Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанатының Сырдария аудандық филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Жиында Jas Otan Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің жаңа басшысы сайланды.
Кезектен тыс есеп беру, сайлау жиынында жастар белсенділігін арттыру, еріктілерді игі істерге жұмылдыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде айтылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Jas Otan Жастар қанаты Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Айдос Омаров есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Ол Jas Otan Жастар қанатының еліміздің жастар саясатындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Конференция күн тәртібінде қаралған екінші мәселе Jas Otan Жастар қанатының аудандағы жаңа жетекшісін сайлауға арналды. Жиынға қатысушылар бұл қызметке ауданға белгілі жас Ақтөре Ибрагимұлының кандидатурасын ұсынды. Кезектен тыс есеп беру, сайлау жиынына қатысушылар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Жетекші партия өкілдері Jas Otan Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің жаңа басшысына жауапты жұмыста сәттілік тілеп, мақсат-міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Майя ҚОЖАБАЙ