Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушысын жетістігімен құттықтады

Мектеп оқушысын жетістігімен құттықтады

Jas Otan Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейінің түлегі Ұлман Оңғарбаеваны ҰБТ қорытындысы бойынша 130 балл жинауымен құттықтады.

Құттықтау шарасы карантин талаптарына сәйкес қашықтықтан, яғни WhatSapp желісі арқылы видеобайланыс режимінде өтті. Видеобайланыста Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы жас түлектің ҰБТ-дағы жетістігі ата-анасы мен ұстаздарының ғана емес, аудан жастарының да қуанышы екенін атап өтті. Бұл ретте озат ойлы оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие берген жандарға шынайы алғысын білдірді.

Онлайн форматта өткен сұхбаттасу барысында Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы жас түлек Ұлман Бейбітқызының алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді. Қалаған мамандығының иесі атанып, ел дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейінің түлегі Ұлман Оңғарбаева Jas Otan жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесіне алғысын білдіріп, сенімді ақтауға уәде берді. Сондай-ақ ҰБТ-ға дайындаған ұстаздарының еңбегі зор екенін атап өтті.

01 шілде 2020 ж. 672 0