Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оттегі концентраторы табысталды

Оттегі концентраторы табысталды

Бүгін сәрсенбінің сәтті күні аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновтің ұйымдастыруымен Сырдария аудандық мәслихатының депутаттары атынан аудандық емханаға 1 оттегі концентраторы табысталды. Айтулы шараға аудандық емхана бас дәрігерінің м.а. Ә.Искендирова қатысып, оттегі концентраторын қабылдап алды.

Игі шарада аудандық мәслихат депутаттары сөз алып, ақ халатты абзал жандардың адал еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, тек ел болып бұл дертті жеңетінімізді айтты. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Д.Ералиев, М.Бисенов және С.Сұлтанов өз ауылдарындағы емханаларға көмектерін көрсетуде. Халық қалаулылары «БізБіргеміз» акциясының аясында 500-ден астам аудан отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, бірнеше ірі қара малын құрбандыққа шалып, етін ауруханаға берді.
05 тамыз 2020 ж. 283 0